
1 мамыр күні аудандық Мәдениет үйінің алаңына достық пен туған жерге деген терең құрмет біріктірген түрлі ұлт өкілдері тимирязев тұрғындары жиналды. Оларды аудындық этно-мәдени орталықтар қарсы алып, ұлттық тағамдардан дәм татқызды. Аудан орталығындағы мекеме ұжымдары татар, украин, қазақ, орыс, әзірбайжан ұлттарының салт-дәстүрлерін көрсетті.
Ал гимназия мен Қазақ мектеп интернаты «Дружба народов» атты би флешмобын ұсынды. Ұлттық билер, әндер, спорттық ойындар, ұлттық киім киген 100 қатысушының үлкен Қазақстан туының айналасында дөңгелек биі, көгершіндер мен гель шарларын ұшыру аспан шынайы ұлттық бірліктің тамаша атмосферасын жасады.