
Президентінің "Парыз "бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурсы туралы" 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығына сәйкес "Парыз2023" бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша конкурс жарияланды.
Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 2023 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша «Парыз» байқауының басталғаны туралы хабарлайды.
«Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі байқау жеке кәсіпкерлік субъектілерінің халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған және жеке кәсіпкерлік субъектілерін өз қызметкерлері үшін де, жалпы алғанда қоғам үшін де әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталандыруға, әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша оң тәжірибені көрсетуге және кеңінен таратуға, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік мәселелері бойынша халықты кеңінен хабардар етуге арналған.
Байқауға жеке кәсіпкерлік субъектілері (бұдан әрі - үміткерлер) келесі санаттар бойынша қатыса алады;
1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері;
2) ірі кәсіпкерлік субъектісі.
Үміткерлер тұтастай алғанда қоғамның және жеке кәсіпкерлік субъектісінің қызметкерлерінің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған, олардың корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін растайтын өздерінің әлеуметтік бағдарламаларын ұсынуы тиіс.
Бағдарламалар мен олардың жобалары үміткерлердің өз бетінше және/немесе азаматтық қоғам институттарымен және жергілікті атқарушы органдармен серіктестікте жүзеге асыратын және әлеуметтік салада оң өзгерістерге қол жеткізуге бағытталған іс-шараларды қамтиды.
Байқау жыл сайын номинациялар бойынша өңірлік және республикалық деңгейлерде өткізіледі.
1) "Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын".
Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы коғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдарды барынша көп мөлшерде жұмысқа орналастыру және тағы басқалар) іске асыратын үміткерлердің кызметі қаралады;
2) "Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын".
Бұл номинацияда еңбек кызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады;
3) "Үздік ұжымдық шарт".
Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжым шарттар қаралады.
4) "Экологияға қосқан үлесі үшін".
Бұл номинацияда қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.
Гран-при - конкурстың жоғары наградасы жұмыста және корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаттарын іске асыруда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізген үміткерге беріледі.
Конкурстың өңірлік және республикалық кезеңдеріне қатысу тегін болып табылады.
Үміткерлер материалдарды осы ережелерге сәйкес ресімдейді және облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы органдарына қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынады.
Конкурсқа катысуға:
1) қызметін кемінде үш жыл жүзеге асыратын;
2) таратылу сатысында тұрмаған, банкрот деп танылмаған;
3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының жойылмаған бұзушылықтары, оның ішінде қызметкерлерге жалақы және басқа да төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ;
4) қызметкерлермен ұжымдық еңбек даулары жоқ;
5) Қазақстан Республикасының аумағында саяси, кәсіподақ және діни ұйымдарды қолдауға бағытталуға тиіс емес әлеуметтік және қайырымдылық қызметті жүзеге асыратын;
6) конкурсқа қатысуға өтінімінде дәйекті мәліметтерді көрсеткен, сондай-ақ құжаттарды толық көлемде ұсынған үміткерлер жіберіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Тимиряев ауданының кәсіпкерлік құрылымдарын Республикалық конкурсқа белсенді қатысуын және өздерінің әлеуметтік бағдарламаларын ұсынуын, сонымен қатар қоғамдық жағдай мен жұмысшының еңбек және әлеуметтік қорғалуын жақсартуға өз үлесін қосуын сұраймыз.
Толық ақпарат пен кеңесті Тимирязев а. Уәлиханов көшесі,1, № 111- каб мекенжайы бойынша орналасқан «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-нен, тел. 87153721441.