12 сәуірде Тимирязев ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне құрмет көрсетілді. Тимирязев ауданының әкімі Ерлан Жаров спортшыларға алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табыс етті, сондай-ақ спортшылардың жаттықтырушыларыдақұрмет грамоталарымен марапаттады.