
Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Г. Тарасенко мен «Тимирязев аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ басшысының м.а. С. Симомбаева Мичурин, Белоградов және Ақсуат ауылдық округтерінде сауда саласының бизнес субъектілерімен көшпелі жұмыс кездесулерін ұйымдастырды.
Округ тұрғындарын қажетті тауарлар ассортиментімен, тауарларды жеткізу шығындарымен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Әлеуметтік маңызы бар өнімдерге баға мониторингі және бағаны қалыптастыру бойынша қолданыстағы заңнаманы түсіндіру жүргізілді.
Азық-түлік саудасы объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау жөнінде жадынамалар табыс етілді.