Мемлекеттік қызмет мәселелерін түсіндіру, әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын сақтау мақсатында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Е.Ф. Степаненко біздің ауданға жұмыс сапарымен келді. Кездесуге аудан әкімінің орынбасарлары, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, ауылдық округтердің әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Іс-сапар барысында Е.Ф. Степаненко мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшілермен, сондай-ақ Тимирязев қазақ жалпы білім беретін мектеп-интернаты, Тимирязев жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушыларымен, агротехникалық колледж студенттерімен кездесті. "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ СҚО бойынша Тимирязев ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығында, сондай-ақ "Халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ-де мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасы тексерілді. Бұдан кейін Құртай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізілді.