Халықаралық әйелдер күні

Халықаралық әйелдер күні

Аудандық мәдениет үйінде Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты іс-шара Тимирязев ауданының әкімі Е. Қ. Жаровтың құттықтау сөздерінен басталды, сондай-ақ "Есей Агро" ЖШС директоры С. А. Жукеевтің құттықтау сөздері айтылды.

20-дан астам нәзік жандылар мақтау қағаздары мен алғыс хаттарын алды. Іс-шара үлкен мерекелік концертпен жалғасты, онда көрермендер әйелдер, аналар және, әрине, махаббат туралы әндер естіді. Бірде-бір әйел назардан тыс қалмады, көрермендер залындағы барлық әйелдерге Ерлан Қайырұлы гүл сыйлады.