
Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Г.В.Тарасенко Тимирязев ауылы базарының директоры С.А. Капарушкинамен кездесуінде базарды жаңарту, инфрақұрылымдық жағдайларды жақсарту, базар маңайындағы аумақты абаттандыру мәселелерін талқылады. Базар аумағының жалпы ауданы 534 ш.м., 15 бизнес субъектісі сауда алаңдарын жалға алады, оның ішінде шаштараз, тігін ательесі, ұялы байланыс қызметтері бар.
Светлана Александровна базарды басшылыққа алғанына бір жыл болған жоқ, алайда елеулі өзгерістерді байқауға болады.
Өз кәсіпкерлік қызметін жүргізу үшін базардың ішіндегі алаңды жалдайтын кәсіпкерлерге және сатып алушыларға қолайлы жағдай жасау үшін базар ішінде желтоқсан айында жеке тапсырыспен Қарағанды қаласынан жеткізілген 1,2 млн.теңге тұратын қазан-пеш ауыстырылды.
Белгіленген жоспарларды іске асыру үшін 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар бойынша жеңілдікпен кредиттеуге қол жеткізу мүмкіндіктері түсіндірілді.