Арманды шындыққа айналды

Арманды  шындыққа айналды

Істерін өз күштерімен, бәрін жаңадан бастаған Михаил мен Владимир стартап кәсіпкерлерге үлгі бола алады.  

Бұндай ойды Қостанай облысында достарынан көріп осындай өндірісті өздері де ашуды жөн көрді. Владимир Сергеев халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздері оқытуынан өтіп 200 АЕК (583 мың теңге) көлемінде грантқа ие болды да зығыр, рапс және күнбағыс тұқымын өңдеу үшін май сыққыш сатып алып, майлы дақылдарды өңдеу цехын ұйымдастыру үшін шағын қойма салды.

«Дайын май мен күнжара алғаннан кейін біз өнімдерді Ақмола және Қостанай облыстарындағы құс фабрикаларына жібереміз, онда зауытта біздің өнімді пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы жануарларына арналған құрама жем өндіріледі», - дейді кәсіпкер.

Азық-түлік базасы жануарлардың қажетті қоректік заттарға және басқа элементтерге деген қажеттілігін қанағаттандыруы маңызды, сондықтан олар өндіретін өнімдерге сұраныс артып, сату нарығы кеңейіп келеді. Біздің облысымыз бойынша Қызылжар ауданының «Алекри» ЖШС және «Адель Кус» ЖШС құс фабрикаларымен келісімшарттар жасалды.

Қазіргі уақытта олар, қосымша 2 май сыққыш, тиегіш, тұқымдарды тазарту үшін СМ-4 сатып алды. Кәсіпорын сатып алынатын шикізатпен жұмыс істейтіндіктен, үздіксіз өндірісті ұйымдастыру үшін өндірістік қуаты 200 тонна сақтайтын қойма салды. Тәулігіне машина 3,5 тоннаға дейін шикізат өңдейді. Күнжарамен бірге сығу арқылы тазартылмаған май  шығарылады.

Михаил Иванович өз жоспарлары туралы айтып берді: «Өндірістің кеңеюіне байланысты жаңа идеялар туа бастайды. Қазір біздің жоспарымызда өндірістік қуаты 500 тоннаға дейін сақтау тағы бір қойма салу, өсімдік тағамы майын өндіру бойынша өндірістік қызметті қайта өңдеу және кеңейту үшін тағы бір білдек сатып алуды көздейміз, ал бұл дегеніміз дәреже және өндірілетін өнімге қойылатын өзге талаптар».

Белгіленген жоспарларды іске асыру үшін кәсіпорын «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде қолданыстағы бағдарламалар бойынша жеңілдікпен кредиттеу мемлекеттік қолдауды пайдалануды жоспарлап отыр.