
2023 жылғы 20 қаңтарда аудан әкімі Ерлан Жаровтың Ленин, Мичурин, Белоградов ауылдық округтерінде халықпен кездесулер өтті.
Аудан әкімі ауданның 2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы айтып, 2023 жылға арналған жоспарларымен бөлісті. Тұрғындар әлеуметтік сипаттағы сұрақтар қойды: қысқы кезеңде жолдарды күтіп ұстау, көшелерді жарықтандыру және т.б. барлық сұрақтарға толық түсініктемелер берілді. Бірқатар мәселелер бақылауға алынды.