
2023 жылғы 6 қаңтарда аудан әкімі Ерлан Жаровтың төрағалығымен әкімдіктің үлкен залында кезекті аппараттық кеңес өтті. Әкімнің орынбасарлары ауылдық округтердегі шаруашылықтардың қар ұстау жұмыстарының барысы және 2023 жылға арналған абаттандыру жоспарлары туралы, экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және жобаларды іске асыру жөніндегі жоспарлар, шағын және орта бизнес саласында әлеуметтік саланың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі жоспарлар туралы баяндады. Кеңес қорытындысы бойынша аудан әкімі ауылдық округ әкімдеріне және аудандық бөлім басшыларына тапсырма берді.