
2022 жылғы 29 желтоқсанда әкімдіктің үлкен залында аудан әкімі Ерлан Жаровтың төрағалығымен әкімдіктің кезекті отырысы өтті, 2022 жылғы қысқы спорт түрлерін дамыту, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды және тиімді пайдалану туралы қаралды. Отырыстан кейін жұмыс кеңесі өткізілді, аудандық бөлім басшылары 2022 жылдың 11 айындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы, мемлекеттік сатып алуды өткізу жоспары туралы баяндады, сондай-ақ, қызмет салалары бойынша ағымдағы мәселелер талқыланды. Кеңес қорытындысы бойынша аудан әкімі ауылдық округ әкімдеріне, аудандық бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар берді.