2022 жылғы 22 желтоқсанда жұмыс сапары аясында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі А. С. Сапаров Тимирязев ауданына барды. Жұмыс сапар барысында облыс әкімі дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен жабық хоккей кортына барды, "Жастар" стадионы мен сквердің ағымдағы жөндеу жұмыстарының тұсаукесерімен танысты.
Өңір басшысы аудан жұртшылығымен кездесу өткізді, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын талқылады, халықтың мүдделерін тікелей қозғайтын міндеттер мен мәселелерді шешуге толығырақ тоқталды. Кездесу қорытындысы бойынша облыс әкімі аудан әкіміне және тиісті атқарушы органдарға тиісті тапсырмалар берді.