Хоккей сезонының ашылуы

Хоккей сезонының ашылуы

Бүгін «Арлан» хоккей кортында аудан жастар құрамасының хоккей формасын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

Ауданымыздағы ауылшаруашылық құрылымдары басшыларының демеушілігінің арқасында балалар жаңа формамен хоккей ойнауға мүмкіндік алды.

Жүкеев Серік Аманжолұлына, Нұрахметов Ербол Сейітұлына, Кашин Алексей Викторовичке, Уваисов  Маркен Арыстанұлына алғысымызды білдіреміз.

Қысқы спорт түрлерін дамытуға қосқан игі үлестеріңіз балаларымыздың ойынынан көптеген жарқын әсерлер алып келсін.

Ол Тимирязев ауданының хоккей командасының жеңістеріне негіз болады.

Барлығын хоккей, шорт-трек, конькимен айналысуға шақырамыз.