
Желтоқсанның 13-і күні аудандық мәдениет үйінде Балалар жылының аяқталуына орай «Сан қырлы таланттар» атты гала-концерт өтті. Фестивальді ұйымдастырушылар – аудандық Мәдениет үйі мен Өнер мектебі Тимирязев ауданының әкімі Ерлан Қайырұлы Жаровтың қолдауымен өңіріміздің кішкентай жұлдыздарының тағы да жарқырай түсуіне мүмкіндік берді. Осы Гала-концертпен біз биылғы жұлдызды жылдағы шығармашылық топтардың жұмысын қорытындыладық. Балалардың, ұстаздар мен ата-аналардың бірлескен жұмысының нәтижесінде балаларымыз облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. Мерекелік кездесу үлкендерді де, балаларды да тәнті етті, барлығы грамоталармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды. Барлықтарымызды әрқашан балаларға деген сүйіспеншілік, мейірімділік және әдемі болу үшін жақсылық ұшқынын себуге деген ұмтылыс біріктіре берсін.