Аудан әкімі Интернационал ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімі Интернационал ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

Тұрақты кездесулер кестесіне сәйкес 09.11.22 ж. аудан әкімі Ерлан Жаров Интернационал ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Аудан әкімі өткен кезеңдегі ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы толығырақ айтып, алдағы кезеңге арналған жоспарларымен бөлісті. Тұрғындармен диалог барысында орта мектепті, су мұнарасын жөндеу қажеттілігі мәселелері қозғалды. Барлық сұрақтарға түсініктемелер берілді, бірқатар сұрақтар бақылауға алынды.