
2022 жылғы 1 қарашада Тимирязев ауданының әкімі Ерлан Қайырұлы Жаров азаматтармен жеке қабылдау өткізді. Жеке қабылдау барысында жер учаскесін беру және жер пайлары бойынша мәселелер қозғалды. Барлық сұрақтарға аудан әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түсініктемелер берді. Қаралған әрбір өтініш бойынша Ерлан Қайырұлы жетекшілік ететін орынбасарларға нақты тапсырмалар берді. Өтініш білдірген азаматтардың сұрақтары бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.