Бүгін 01.11.22ж. аудан әкімінің өкімімен әкімнің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары лауазымына Рүстем Елікбайұлы Рамазанов тағайындалды.
2003 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін экономика және қаржы мамандағы бойынша бітірген, 2006 жылы заңтану мамандағы бойынша білім алды.
Әр жылдары "Петропавл Су"акционерлік қоғамының экономикалық мәселелер жөніндегі вице-президенті болып жұмыс істеді. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының "Горводоканал" МК жоспарлау-экономикалық бөлімінің экономисі, "Петропавл Су" акционерлік қоғамының абоненттік бөлімінің бастығы.
СҚО Қызылжар ауданы әкімінің ауыл шаруашылығы және экономика жөніндегі орынбасары. "Севказэнергосбыт" ЖШС Энергия өткізу басқармасының бастығы Петропавл қаласы, СҚО.
Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің ауыл шаруашылығы және экономика мәселелері жөніндегі орынбасары.