
Бүгін 18 қазанда аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі Ерлан Жаровтың Тимирязев ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі өтті. Кездесуге аудан прокуроры, полиция бөлімі бастығының орынбасары, мәслихат хатшысы, мемлекеттік органдардың жергілікті атқарушы және аумақтық бөлімшелерінің басшылары, жұртшылық өкілдері қатысты. Тұрғындар әлеуметтік-тұрмыстық сипаттағы, жолдарды жөндеу және қысқы күтіп ұстау мәселелерін көтерді. Барлық сұрақтарға толық түсініктемелер берілді. Бірқатар мәселелер бақылауға алынды.