
1 қазанның таңы Просковья Васильевна Семенчук үшін әдеттегіден ерекше басталды. Бүгінгі мереке күні аудан әкімі Ерлан Жаров оған қонаққа келді. Просковья Васильевна өзінің әпкесімен бірге тұрады. Аудан басшысы кейіпкерімізден топтасып шешуге және жәрдемдесуге болатын оның жеке мәселелері жайында сұрады. Ол қырық жылдан астам уақыттан бері Тимирязев ауданында тұрады, ұзақ уақыт телефон байланысшысы болып істеді. Жасы мен денсаулығына, өмір қиындығына қарамастан ол - еңсесі биік, көңілі ашық және жайдары адам. Біздің қарт тұрғындарымыз, әсіресе жалғыз басты қарттар үшін мұндай мерекелік шаралар бұл тек сыйлық сыйлау ғана емес, мұндай күннің басты құндылығы көрсетілген ілтипатта. Және де біз мұндай тұрғынның мәселелерін шешуде көмек көрсетіп қана қоймай, оған уақыт бөліп, әңгімесін тыңдап, жағдайын біліп, оны жалғызсыратпау үшін барымызды саламыз. Аудан әкімі зейнеткерді Қарттар күнімен құттықтап, оған денсаулық, бақыт тіледі, сонымен қатар сыйлықтар табыс етті.