Тимирязев ауданында білім қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Салтанат иегерлерін аудан әкімі Ерлан Жаров құттықтады.Бүгінгі күні Тимирязев ауданында ағартушылық салада кәсібилігінде жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүрген 379 педагогтің еңбек ететінін атап өтеміз. Бұның дәлелі- біздің оқушылар мен тәрбиеленушілердің түрлі республикалық және халықаралық зияткерлік сайыстардағы жеңістері мен табыстары. Өз сөзінде аудан әкімі білім бастамасында бүгінгі таңдағы ұстаздарға өзінің бағалы тәжірибесі мен білімін берген ардагерлердің өлшеусіз үлесін атап өтті. Ұстаздардың бір тобы бұл күні аудан әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапатталды. Салтанатты түрде Михаил Иванович Залевскийге "Тимирязев ауданының Құрметті азаматы" медалі, лентасы және куәлігі табыс етілді. Салтанатты іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.