Ауылшаруашылық жәрмеңкесі

Ауылшаруашылық жәрмеңкесі

1 қазан күні "Ақ сұңқар" спорт кешенінің жанында Тимирязев ауданының ауыл шаруашылық өнімдері жәрмеңкесі өтті. Аталған жәрмеңке биыл жаңа форматта өткізілді және біз бұдан былай да оның тимирязев тұрғындарына ұнайтынына сенімдіміз. Жәрмеңкеде барлық 16 ауылдық округтен 20-дан астам ауыл шаруашылық өнімдері ұсынылды. Бұл күні аудан тұрғындары мен қонақтары қол жетімді бағамен картоп, қызанақ, қырыққабат, қияр, пияз сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Бұған қоса сиыр, қой,шошқа және құс еті, әр түрлі тұздалған өнімдер, шөп, сабан, жем-шөп және көптеген басқа өнімдер саудаланды.

Ал аудандық Мәдениет үйінің әншілері жерлестеріне ашық аспан астындағы концерт ұсынды.