"Қарттар күніне" арналған салтанатты іс-шара

"Қарттар күніне" арналған салтанатты іс-шара

Тимирязев аудандық Мәдениет үйінде Халықаралық қарттар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Өз жерлестерін жылы лебізді алғыс сөздермен Тимирязев ауданының әкімі Ерлан Жаров құттықтады. Белсенді өмірлік ұстанымдары үшін ауданның құрметті зейнеткерлері аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.Мерекелік құттықтауларға Байғожин Серік Сейілханұлы қосылып, амандық, оптимизм және ұзақ ғұмыр тіледі. Осы мереке күні «Радуга» балабақшасының, қазақ мектеп-интернатының және Тимирязев өнер мектебінің бүлдіршіндері өз өнерлерімен қонақтарды қуантса, аудандық Мәдениет үйінің орындаушылары жастық шақтағы әндермен аға буынның көңілін көтерді. Аудандық Мәдениет үйінің фойесінде барлығына кездесуден естелік ретінде суретке түсу мүмкіндігі болған күз тақырыбына арналған фотоаймақ ресімделді.