Тимирязев ауданының әкімі Ерлан Жаров қазақ мектеп-интернатындағы Білім күніне арналған жиында болды.
Бүгін барлық оқушылар үшін маңызды күн, бірақ бірінші сынып оқушылары мен түлектер үшін бұл ерекше күн - деді өз сөзінде Ерлан Қайырұлы. Балалар үшін олардың өміріндегі алғашқы қоңырау соғылды және білек сыбана еңбектенетін жауапты уақыт басталды. Ал түлектер тікелей мәреге аяқ басты. Біздің ауданда талантты және өз кәсібіне адал педагогтер жұмыс істейді. Құрметті ұстаздар, баршаңызға қиын, дегенмен қажетті еңбектеріңізде денсаулық, шыдамдылық, шығармашыл көзқарас тілеймін. Білім жолына сәтті сапар!