
Аудандық Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Аудан әкімі Ерлан Жаров жиналғандарды мерекемен құттықтап, Құрмет грамотасын орталық аудандық ауруханасының терапевт- дәрігері Н.В. Габовке, Алғыс хаттарын «Қуанышев» ШҚ жұмыскері Ғ.Д. Қуанышевқа, «Атамекен-Агро-Тимирязев» ЖШС механизаторы С.Ж.Баймақановқа, Тимирязев ауылдық округі әкімі аппаратының хатшысы Д.Ш. Шаимоваға табыстады.
Іс-шара аудан әртістерінің концерттік бағдарламасымен аяқталды.