Жыл сайынғы тамыз конференциясы

Жыл сайынғы тамыз конференциясы

Тимирязев ауданында мұғалімдердің жыл сайынғы тамыз конференциясы өтіп, онда Тимирязев ауданының әкімі Ерлан Жаров ұстаздарға, ардагерлерге және білім қызметкерлеріне Құрмет грамоталарын, мерейтой медальдарын табыс етті.

Жыл сайынғы іс-шарада ұстаздарды Солтүстік Қазақстан облысының білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының директоры Роза Сәркен құттықтап, сертификаттар табыс етті.

Тимирязев ауданы білім бөлімінің басшысы Армат Күзеубаев та ұстаздар қауымын құттықтап, үздік ұстаздарға грамоталар табыс етті.

Осы іс-шарада мектеп оқушылары мен ұстаздарының аудандық спартакиадасының қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі өтті.

Жас мамандарға құрмет көрсетіліп, педагогикалық еңбек ардагерлерінің еңбегі елеусіз қалмай, грамоталармен марапатталды. Конференция концерттік бағдарламамен аяқталды.