
Ауданымызға құрамында облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Ж.Мұхамеджанов, "Рух Тіл Жаңғыру" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ә.Тоқпанов, ақын С.Құскенов және басқа да белсенділер тобы ат басын тіреді. Бұл топтың алшақ ауданға сапар шегуінің басты мақсаты Ақжан ауылдық округіндегі Меңдеке батыр бейітіне және Докучаев ауылдық округіндегі Сары мен Сүйір батырлар кесенесіне бару, өскелең ұрпақты осы киелі жерлер тарихымен таныстыру болды.
Аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы С. Байгужин, Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының м.а. Ә.Айсина, Жастар ресурстық орталығы әдіскері А.Шакенова, Ақжан ауылдық округінің әкімі Е.Шкира және Докучаев ауылдық округінің әкімі С.Розумов бұл бастаманы қолдап, өңірімізге келген қонақтарға қосылып, аталған іс-шараға қатысты.
Аудан қонақтарына батырлардың өмір жолы, жасаған ерліктері туралы әңгімеленді, қонақтар өз кезегінде өздері білетін тарихи мәліметтермен бөлісті.