Аудан әкімі Дружба ауылының тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімі Дружба ауылының тұрғындарымен кездесті

Тұрақты кездесулер кестесіне сәйкес ағымдағы жылдың 10 тамызында аудан әкімі Ерлан Жаров Интернационал ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Өткен кезеңдегі ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы егжей-тегжейлі айтып, аудан әкімі алдағы кезеңге арналған жоспарларымен бөлісті. Тұрғындармен диалог барысында орта мектепке, аудандық маңызы бар жолға жөндеу жүргізу қажеттілігі мәселелері қозғалды.