Аудан әкімі Есіл ауылының тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімі Есіл ауылының тұрғындарымен кездесті

Бүгін, 27 шілдеде, тұрақты кездесулер кестесіне сәйкес аудан әкімі Ерлан Жаров Есіл ауылының тұрғындарымен кездесті. Аудан әкімі ағымдағы жылдың 6 айында ауданда атқарылған жұмыстар туралы айта отырып, алдағы кезеңге арналған жоспарларымен бөлісті. Тұрғындармен диалог барысында ағымдағы жылы бастау жоспарланып отырған аудандық маңызы бар «Ишимское-Ақсуат» жолының орташа жөндеуін талқылады.