
Аудан әкімі Е.Қ. Жаровтың төрағалығымен өткен айсайынғы әкімдік отырысында «СҚО Тимирязев ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» КММ басшысының м.а. Ж.З. Бекишеваның 2022 жылғы қаңтар-маусымдағы Тимирязев ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы және «СҚО Тимирязев ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» КММ басшысы С.Б. Құсайыновтың егін жинау жұмыстарын ұйымдастыруға дайындық туралы ақпараттары тыңдалды. Әкімдік отырысы қорытындылары бойынша аудан әкімі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен жұмыскерлердің жұмыс ақысын арттыру, жұмыс орындарын қысқартуға жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, егін жинау науқаны кезінде өрт қауіпсіздігін күшейту бойынша тапсырмалар берілді.