
26 шілдеде аудандық Мәдениет үйінде аудан әкімі Ерлан Жаров Тимирязев ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуге аудан прокуроры, полиция бастығының тергеу жөніндегі орынбасары, аудандық мәслихаттың хатшысы мен депутаттары, жергілікті атқарушы және аумақтық мемлекеттік органдар бөлімшелерінің басшылары, жұртшылық өкілдері қатысты. Аудан әкімі ағымдағы жылдың 6 айында ауданда атқарылған жұмыстар туралы айтып, алдағы кезеңге арналған жоспарларымен бөлісті. Тұрғындарды әлеуметтік сипаттағы: жолдарды жөндеу, қосымша су тарату желілерін жүргізу, көшені жарықтандыру, автобус бағыты, коммуналдық үйлердің аумағын абаттандыру, ауыл шаруашылығы жемшөп жәрмеңкесін өткізу және т.б. мәселелер қызықтырды. Барлық сұрақтарға толық түсініктемелер берілді. Бірқатар мәселелер бақылауға алынды. Кездесуден кейін аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдады.