
Ағымдағы жылдың 22 шілдесінде аудан әкімі Е. Қ. Жаров ауданның шалғайдағы ауылдарының бірі Целинное ауылының тұрғындарымен кездесті. Ерлан Қайырұлы ағымдағы жылдың 6 айында ауданда атқарылған жұмыстар туралы айтып, 2-ші жартыжылдыққа арналған жоспарларымен бөлісті. Тұрғындарды нан-тоқаш өнімдерін өндіру, медицина қызметкерімен толықтыру, спорт алаңын орнату мәселелері қызықтырды. Барлық сұрақтарға түсініктемелер берілді. Бірқатар мәселелер жұмысқа қабылданды. Кездесу соңында аудан әкімі азаматтарды қабылдады.