Аппараттық кеңес, 18.07.2022

Аппараттық кеңес, 18.07.2022

Аудан әкімі Е.Қ. Жаровтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте аудандағы мал шаруашылығын дамыту, мал қорымдарының ағымдағы жай-күйі, сондай-ақ елді мекендердегі жайылымдық алқаптарға қажеттілік және жерді алып қою бойынша жұмыстар жүргізу мәселелері қаралды. Москворецк ауылдық округінің әкімі абаттандыру бойынша жүргізілген жұмыстар туралы баяндады.

Аудан әкімі Қазақстан Республикасы Президентінің халықтың мал жаю үшін жайылымдық алқаптарын ұлғайту жөніндегі тапсырмасын, ауыл шаруашылығы бағытындағы инвестициялық жобаларды, сондай-ақ білім беру, мәдениет объектілерін, жолдарды жөндеу және су мұңараларын салу жөніндегі жобаларды іске асыруды бақылауға алуға тапсырма берді.