Аудан әкімдігінің отырысы, 30.06.2022

Аудан әкімдігінің отырысы, 30.06.2022

Бүгін аудан әкімдігінің кезекті отырысында Тимирязев ауданының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп жөніндегі уәкілі Ү.Қ. Нұртазина Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің ережелерін сақтау туралы баяндама жасап, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде заңнама нормалары мен қызметтік этиканың сақталуы, мемлекеттік мекемелерде түсіндіру іс-шараларын өткізу кезіндегі жүйелілік туралы толық айтып берді.

«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселесі бойынша кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Г.В. Тарасенко баяндама жасады. Баяндамада 2021 жылғы жобаларды іске асыру қорытындылары, 2022 жылға арналған әлеуетті жобалар атап өтілді.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Заңының сақталуы мәселесі бойынша ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту басшысының м.а. Ә.Б. Айсина сөз сөйледі. Баяндамада қатысушылардың назары ҚР Мемлекеттік рәміздер туралы заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтау бойынша барлық деңгейдегі басшылардың жауапкершілігін арттыруға аударылды.

Әкімдік отырысын өткізу қорытындылары бойынша тиісті қаулылар қабылданды.