
27 маусымда аудан әкімінің төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Аудан әкіміне халықтың жылу энергиясы мен суды тұтынғаны үшін берешекті өтеу бойынша қабылданып жатқан шаралар, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырыстарында, аппараттық кеңестерде берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы кезеңде пайдалануға дайындау, сондай-ақ Докучаев, Хмельницкий және Целинный ауылдық округтерін абаттандыру туралы баяндама жасалды.
Аппараттық кеңесті қорытындылай келе, аудан әкімі бақылауға қойылған бірқатар мәселелерді анықтап, қатысушылардың назарын тапсырмаларды орындау тәртібіне және орындау мерзімін негізсіз ауыстыруға жол бермеуге аударды.