
23 маусым Мемлекеттік қызметші және Қазақстан полициясының 30-жылдығы күнінде аудандық Мәдениет үйінде өткен салтанатты іс-шарада аудан әкімі Е.Жаров Құрмет грамоталарын Т. Борисова, Ю. Сапрыкинге, Алғыс хаттарын А. Исмагулов, Н. Есқожин, М. Есқұлов, О. Крельге табыс етті.
Н. Жанжолова Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаментінің Алғыс хатымен марапатталды. Мемлекеттік қызметке жаңадан түскендер ант берді. Сонымен қатар мерекелік концерт өтті.