Аппараттық кеңес

Аппараттық кеңес

Ағымдағы жылдың 13 маусымында аудан әкімі аудан әкімінің орынбасарларымен, ауылдық округтердің әкімдерімен, жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшыларымен аппараттық кеңес өткізді. Кеңес барысында Ақсуат, Белоградов және Дмитриев ауылдық округтерін абаттандыру мәселелері, абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту шаралары, аудан аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою, сондай-ақ халықтың жылу энергиясы мен суды тұтынғаны үшін берешекті өтеу шаралары және көлік салығын жинау мәселелері талқыланды.

Аппараттық кеңес қорытындысы бойынша аудан әкімі ауылдық округтерді абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жалғастыруды, іргелес аумақтарды сәйкестікке келтіру қажеттілігі туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, жылу энергиясы мен суды тұтыну үшін бар берешекті өтеу бойынша белсенді шаралар қабылдауды, борышкерлерді тегі бойынша салыстырып тексеруді жүргізуді, сондай-ақ салық жинау бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды.