Аудан әкімі Ақсуат ауылдық округінде тұрғындармен кездесті

Аудан әкімі Ақсуат ауылдық округінде тұрғындармен кездесті

Ағымдағы жылдың 8 маусымында аудан әкімі Ерлан Жаров Ақсуат ауылдық округіне барып, тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында аудан әкімі ауданның 2022 жылға арналған даму жоспарларымен бөлісті. Тұрғындар көшелерді асфальттау, стадион аумағын тегістеу, ауылда жастардың бос уақытын ұйымдастыру, «Ақсуат-Тимирязев-Ақсуат» автобус қатынасын қалпына келтіру, сондай-ақ облыстық маңызы бар жолда жол жүрісінің ескерту белгілерін, көше жарығын орнату мәселелерін көтерді.