
4 маусым күні Тимирязев ауылдық округінің орталық алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Міне, 30 жыл бойы Қазақстанның Туы, Елтаңбасы және Әнұраны мемлекетіміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің, оның халқының бірлігінің даусыз айғағы болып табылады. Бір-бірін толықтыра отырып, олар Қазақстан Республикасы азаматтарының және халықаралық жұртшылықтың біздің мемлекетіміздің мызғымастығының негізі ретінде қабылдауында біртұтас болып табылады.