Аудан әкімі Тимирязев ауданының тұрғындарын Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

Аудан әкімі Тимирязев ауданының тұрғындарын Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

Бүгін, 1 маусымда, Халықаралық балаларды қорғау күні аудандық мәдениет үйінің алаңында жас тимирязевтіктерге арналған мерекелік бағдарлама өтті. Аудан әкімі Ерлан Жаров мерекелік құттықтау жолдады. «Бүгін балаларымыздың үлкен мерекесі. Халықаралық балалар күні – әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, кішкентай азаматтарымыздың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға шақыратын мейрам. Балалар жылы шеңберінде көптеген іс-шаралар өткізілуде, ал біз, ересектер әрбір баланың жүзінде шаттық нұры ойнауы үшін барымызды салудамыз», — деп атап өтті аудан басшысы.