
Тимирязев ауданының әкімі Ерлан Жаров аудан орталығындағы мәдениет нысандарын: аудандық мәдениет үйін, аудандық балалар және ересектер кітапханаларын аралады.
Сапар барысында АМҮ ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген мердігерлер тарапынан жіберілген кемшіліктерді жою қажеттігін айтты. Ерлан Қайырұлы жас оқырмандар арасында балалардың кітап оқуын дамытудың маңыздылығына тоқталды. «Балалар – мемлекетіміздің болашағы. Сондықтан әр баланың шығармашылық әлеуетін дамыту біз үшін маңызды», — деді аудан әкімі. Сапар барысында мәдени ғимаратта өлкетануды дамыту бойынша тапсырмалар берілді.