
Бүгін Ленин ауылдық округінің одан әрі дамуы туралы халықпен ашық диалог өтті. Сондай-ақ тұрғындармен кездесуге аудандық мәслихат депутаты, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, денсаулық сақтау саласының өкілдері, аудан прокуроры қатысты.
Әңгіме барысында округ тұрғындарын жер, көшелерді жарықтандыру, ауылда медициналық қызмет көрсету, жолдарды қысқы кезеңде күтіп-ұстау мәселелері қызықтырды. Сол жерде жауапты басшыларға орындалуға міндетті тиісті тапсырмалар берілді.
Осындай форматтағы кездесулер тоқсан сайынғы негізде өтетін болады.