
Бүгін – 25 мамыр, дәстүрлі соңғы қоңырау мерекесімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын.
Құрметті жас түлектер!
Бүгінгі күн Сіздер үшін – ерекше күн, үлкен өмір жолының бастауы болғалы тұр.
Сондықтан, өмірде қанаттарыңыз талмасын, озық ойлы, білімді, парасатты азамат болыңыздар.
Жас түлектерімізге сәт-сапар, ақ жол тілеймін.
Еліміз өркендеп, өсе берсін. Ұстаздар қауымына тілейтінім, дендеріңізге саулық, отбасында береке-бірлік және де ерен еңбектеріңіз жемісті болсын дегім келеді.
Тимирязев ауданының әкімі Ерлан Жаров