Тимирязев, Есіл және Дзержинский ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесулер өткізілді

Тимирязев, Есіл және Дзержинский ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесулер өткізілді

Ағымдағы жылғы 26 сәуір мен 28 сәуір аралығында бекітілген кестеге сәйкес аудан әкімінің м. а. Ж. Е. Мәкенова Тимирязев, Есіл және Дзержинский ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесулер өткізді. Тұрғындармен 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы аудан дамуының негізгі қорытындыларын талқылап, диалог барысында тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.

Кездесу соңында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізілді.