
Ағымдағы жылдың 27 сәуірінде облыс әкімі Қ. І. Ақсақалов Тимирязев ауданы Мичурин ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуге облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, қоғам және бірқатар жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты. Өткен жылғы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары туралы айта отырып, аудан мен Мичурин ауылын дамыту бойынша алдағы жоспарлар талқыланды. Сондай-ақ, диалог барысында ауыл тұрғындарын толғандыратын бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.
Кездесу соңында облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.