
Ағымдағы жылғы 19-21 сәуір аралығында аудан әкімінің м. а. Ж. Е. Макенованың Целинный, Докучаев және Хмельницкий ауылдық округтерінде тұрғындармен кезекті кездесулері өтті. Кездесуге прокуратура органдарының және бірқатар жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты. Өткен жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары туралы айта отырып, Жанар Есләмқызы 2022 жылға арналған ауданды дамыту жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ, диалог барысында ауыл тұрғындарын толғандыратын бірқатар өзекті мәселелер талқыланды: аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу, су тарату желілерін жүргізу жұмыстарын аяқтау, мектепке спорттық құрал-жабдықтар сатып алу, абаттандыру. Аудан әкімінің м. а. осы бағыттарда қандай жоспарлар мен шешімдер қабылданатыны туралы түсіндірме берді.
Кездесу соңында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізілді.