Белоградов және Мичурин ауылдық округтерінде халықпен кездесулер өткізілді

Белоградов және Мичурин ауылдық округтерінде халықпен кездесулер өткізілді

А. ж. 30 наурызда Тимирязев ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ж. Е. Макенова Белоградов және Мичурин ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесулер өткізді. Кездесуге жергілікті атқарушы органдардың басшылары, аудандық мәслихат өкілдері қатысты.

Кездесу барысында тұрғындар әлеуметтік сипаттағы мәселелерді көтерді (су тарату желісін жүргізу, көшені жарықтандыру, үйлерге су қосу). Барлық сұрақтарға түсініктемелер берілді. Кездесу аяқталған соң аталған округтерде азаматтарды жеке қабылдау өткізілді.