25 наурыз күні аудандық кітапханада аудан әкімінің орынбасары Ү. Қ. Нұртазинаның төрағалығымен Мемлекет басшысының "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты жолдауын түсіндіру бойынша кездесу өтті, кездесуге аудан прокурорының м. а. Д. Н. Усенкова, ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы С. Б. Құсайынов , Аmanat аудандық филиалының бірінші орынбасары С. Г. Соболевская , полиция бөлімі бастығының орынбасары Н. Д. Жұмабаев қатысты.
Кездесуге қатысушылар өздерінің қызмет салаларын қозғайтын бірқатар мәселелерді атап өтіп, Жолдауда қойылған міндеттерді іске асыруға белсенді жәрдемдесуге дайын екендіктерін білдірді.