
24 наурыз күні Тимирязев ауданына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары О. В. Перепечина мен Е. Х. Сұлтанов келді.
Жұмыс сапары барысында Сенат депутаттары С. Мұқанова атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында болды. Сонымен қатар, Тимирязев ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс барысымен танысты.
"Қазір өңірлерде жұмыс жүргізіліп жатыр. Біз азаматтармен кездесеміз. Қайтып келген соң, сессия ашылғаннан кейін сіз көтеріп отырған және бүгінде еліміздің әрбір өңірінде тұрған барлық мәселелер мен міндеттерді іске асыру бойынша жұмыс істейтін боламыз", — деп атап өтті О.Перепечина. "Қазіргі уақытта мемлекет шаруаларға қолдау көрсетуде. Өңірде сүтті мал шаруашылығын дамыту бойынша бағдарламалар табысты жұмыс істеуде. Алдағы уақытта саланы қаржыландыру мемлекеттік қолдау мен жеке инвестициялар есебінен ұлғаяды деп ойлаймын", — деп атап өтті Ерік Сұлтанов.