
10 наурызда сағат 15.00-де Қоғамдық кеңестің онлайн-отырысы өтті, күн тәртібінде «2021 жылы Тимирязев ауданында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасы туралы» мәселе қаралды. Отырыс жұмысына Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Ж. Ж. Жұмабаев, СҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Департаментінің бас маманы Г. А. Жусалина, Тимирязев аудан әкімі аппаратының басшысы Д. Б. Маргузиева, ақпараттық жүйелер және мемлекеттік қызметтер жөніндегі бас инспектор А. А. Махамбетова және ауданның мемлектеттік қызмет көрсетушілері мен бөлім басшылары қатысты. Аталған мәселе бойынша Мемлкеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар берілді.