ДСК: жұмыс жандандырылды

ДСК: жұмыс жандандырылды

Дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу объектісіне алдыңғы сапардан бері мұнда бірталай өзгерістер болды. Ең алдымен, ол жобаны жүзеге асыратындардың көңіл-күйінен байқалады. ДСК электр қуатына ақырында қосылғандықтан, құрылыс бригадасы жұмысты жандандыра алды.

Аудандық мәслихат хатшысы А. С. Асанова, депутат Н. А. Жарасбаев, аудан әкімінің орынбасары Е. В. Худяковтың, сәулет, құрылыс, ТКШ, ЖК және АЖ бөлімінің басшысы М. С. Байғожиннің, спорт жұртшылығының атынан БЖСМ директоры Е. Т. Майсатаевтың, жаттықтырушы Н. Н. Суровтың қатысуымен құрылыс барысымен танысты.

Қазіргі уақытта болашақ себезгі бөлмелеріне қаптама тақтайша төселіп, ғимаратты жылумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осыдан кейін толығымен әрлеу жұмыстарымен айналысуға мүмкіндік пайда болады. Бұл үшін жұмыс ресурстары, құрылыс материалдары баршылық.